Павлодар облысында сотталғандарға диплом табысталды
Павлодар облысының орта қауіпсіздік мекемесінің жанындағы кәсіптік колледжде оқуын аяқтаған сотталған студенттерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ ҚАЖК №45, 46 мекемелерінде технологиялық колледж жұмыс істейді, онда үлкен тәжірибесі бар педагогтар сотталғандарды кәсіби даярлауды жүзеге асырады.
– Мен мемлекетке, мұғалімдерге және мекеме басшылығына осындай мүмкіндік бергеніне ризамын. Менің ойымша, білім алу ешқашан кеш емес. Мен отбасы мен қоғамға пайдалы болу үшін жұмыс табуды жоспарлап отырмын, – дейді сотталған.
– Кез-келген мерзім ерте ме, кеш пе аяқталады, содан кейін жазасын өтеп жатқан сотталушы қандай да бір түрде қалыпты жағдайға келуі керек. Бас бостандығынан айыру орындарында мамандық алу, белгілі болғандай, босатылғаннан кейін қоғамға сәтті бейімделудің кепілі. Білім әрқашан маңызды және бәріне қажет. Алдағы уақытта қажетті жұмысқа орналасуға сәттілік тілеймін, – дейді бастықтың тәрбие жөніндегі орынбасары Джусупов Арман.