Ақмола облыстық ҚАЖД қызметкері жоғалған 2 жасар баланы қалай тапқанын айтып берді
Ақмола облыстық ҚАЖД қызметкері жоғалған 2 жасар баланы қалай тапқанын Polisia.kz редакциясына айтып берді.
Түскі уақытта Аслан үйіне қайтып бара жатырған. Жол бойынан жұбайын алып кету керек болғандықтан, сол күні ол басқа жолмен жүруіне тура келді.
Қарбалас көше бағытында жүріп, ол жолдың шетінде, шалшықта жалаңаш баланың отырғанын байқайды. Қазан айының суық ауа райы мен шалшықта отырған баланы көргені Асланның көңілін түсірді. Бірден далаға жүгіріп, күртесін шешіп, баланы ораған. Жан-жағына қарап, баланың қараусыз қалғанын түсінді.
– Жақын жерде балабақша болды, шынымды айтсам, балабақшадан шығып кетті деген ой маған келмеді, мен бірден полиция бөлімшесіне қоңырау шалдым.
Бірнеше минуттан кейін полиция, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция қызметкерлері келді, – дейді Ақмола ҚАЖД пробация қызметінің қызметкері Аслан.
Оқиға барысы осылай өрбіді, балабақшада тыныш сағат кезінде кішкентай Кирилл өзінің тобынан өздігінен шыққаны белгілі болды. Мұны ешкім байқамаған.
Бір күннен кейін Кириллдің анасы Асланға қоңырау шалып, қуанышын білдіріп, сол кезде оларға осындай адамды жібергені үшін және оның кішкентай ұлы тірі және сау болғаны үшін Аллаға шүкіршілік білдірді.
Оқиға бірнеше жыл бұрын болған, Ақмола пробация қызметінің қызметкері ешкімге ештеңе айтқан жоқ.
– Қандай адам болмасын осылай істейтін еді, ең бастысы, балаға ештеңе болған жоқ, – дейді кейіпкеріміз.
Аслан кей уақытта балаға қоңырау шалып тұрады. Кирилл өскен соң “Аслан ағай секілді тәртіп сақшысы боламын” деген арманына қатты қуанышты.
Балабақша қызметкерлері тәртіптілік жауапкершілікке тартылды.