Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті

Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Осы орайда профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.

Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған.

Жалпы самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың екі дөңгелекті көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.

– 100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

– Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген, – дейді Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру