Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында аудандық полиция басшылары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр

Жамбыл облысында аудандық полиция басшылары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала сыртындағы лагерьлер маусымы басталғаннан кейін Жамбыл облысы ПД аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде белсенді профилактикалық жұмыстар  жүргізуде.

Бес ауданда 7 сауықтыру лагері жұмыс жасайды: Жуалыда – «Тау Самалы», «Берікқара», Жамбыл ауданында – «Болашақ», «Мөлдір бұлақ», Қордайда – «Балауса»,  Меркіде – «Жұлдыз», Таласта – «Жұрындысай. Мұнда 2575 оқушы демалды. Қазір лагерьлерде 1095 оқушы тиімді демалысын өткізуде.

Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары балалар лагерьлерінде түсіндіру әңгімелерін өткізіп, қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуін тексеруде. Полицейлер балалармен түрлі тақырыптарда, соның ішінде тыйым салынған түнгі серуендеу, белгіленбеген орындарда шомылу, жол-көлік жарақатының қаупі туралы айтты.

Бұл жұмысқа бірден бірнеше бөлініс қызметкерлері қамтылды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолаушы балалардың қауіпсіз тасымалдануын қадағалайды. Балаларды тасымалдайтын автобустар патрульдік көліктермен бірге жүреді.

Ювеналдық полиция қызметкерлерінен арнайы кезекшілік кестесі жасалды, қызметкерлер аптасына екі рет лагерьлерге барады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру