Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат жолаушылар тасымалымен айналысқан
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат жолаушылар тасымалымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 шілде күндізгі уақытта»Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе – Орынбор автожолында патрульдік полиция қызметкерлері ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде жеке тасымалмен айналысып жүрген автобус жүргізушісінің 2020 жылы сот қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазіргі таңда автобус арнайы автотұраққа қойылды.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.