Ақмола облысында азаматтығы жоқ адамдарды тексеру жалғасып жатыр
Ақмола облысында азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жөніндегі кең ауқымды науқанның екінші кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысының аумағында азаматтығы жоқ адамдарды және мәртебесі белгісіз адамдарды анықтау және құжаттау жөніндегі сәйкестендіру науқанының екінші кезеңі өткізілуде.
Кең ауқымды іс-шараны БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы мен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі бастамашылық етті.
Ақмола облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының ақпараты бойынша осы жылы өңір аумағында 18 азаматқа қатысты азаматтығы жоқ адам мәртебесі берілді, 60 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығы анықталды. Олардың көпшілігі жеке куәлікті уақытылы алмаған тұрғындар.
Мәртебесі анықталмаған әлемдегі миллиондаған адамдар көбінесе негізгі құқықтар мен ресми тануға қол жеткізе алмайды.