Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды
Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған.
– Естеріңізге сала кетейік, ол аялдамалардың бірінің терезесін сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және қылмысқа мүлдем төзбеушілік танытуға шақырады.
Қоғамға жат мінез-құлық, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін жаза қарастырылған.