Алматыда ұландықтар күдікті азаматты қолға түсірді
Алматыда ұландықтар күдікті азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала көшелерін патрульдеу кезінде өзін күдікті ұстаған адамды байқаған.
5 шілдеде сағат 22.35-те Алмалы ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай патрульдік қатардағы жауынгерлер Бекзат Ғабдулла мен Еркебұлан Шакманмен бірге күдікті азаматты тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында ер адамның біртүрлі әрекетін байқайды. Осыдан кейін олар полиция қызметкерлерін азаматты ұстау орнына шақырды.
– Сыртқы тексеру кезінде полицейлермен бірге біз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тауып алдық, – дейді қатардағы жауынгер Нұрдос Қосыбай.
Әрі қарай, құқық бұзушы полиция бөліміне одан әрі тексерілу үшін жеткізілді.