Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Алматы полициясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы жеке құраммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесулер өткізді.

Дәрістің тақырыбы: “Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және жеке құрам арасында адалдық пен адамдық қағидаттарын дамыту”.

– Полиция қызметі халықпен жұмыс жасауда алдыңғы қатарда тұр. Мемлекеттік органның өкілдері ретінде қызмет етіп, азаматтардың қорғаушысы және көмекшісі болуға міндеттіміз. Сол үшін әрбір ІІО-ның қызметкері өзінің жеке қасиеттері мен жүріс-тұрысы арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуы керек. Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекет пен қоғамның дамуын тежейтін және оның болашағына зиян келтіретін індет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдыққа қарсы күрес. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу, болдырмау – барша полиция қызметкерлерінің борышы әрі міндеті деп білуіміз керек, – дейді Алматы қалалық ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Нариман Батаев.

Жиынға ПД қызметтері мен бөлімшелерінің, аудандық ПБ-ның қызметкерлері, патрульдік полиция полкінің және жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының жеке құрамы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру