Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталды

Алматы қаласы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға түсетін талапкерлерді іріктеудің кезекті кезеңі басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сынақтар басталар алдында барлық талапкерге қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқама өткізілді. Олар қауіпсіздік талаптарымен, дене шынықтыру даярлығы бойынша бақылау нормативтерін тапсыру тәртібімен, сондай-ақ сынақ нәтижелеріне қатысты апелляция беру рәсімімен жеке қолхат арқылы таныстырылды.

Полиция департаментінің медициналық қызметі мамандары талапкерлерге денсаулық жағдайына қойылатын талаптар мен дене даярлығы нормативтеріне жіберу өлшемшарттарын жан-жақты түсіндірді.

- Конкурстық іріктеуге барлығы 131 талапкер қатысуда. Оның ішінде 91-і – ер, 40-ы – қыз үміткер. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне кандидат атақтары мен спорттық разрядтары бар 16 талапкер дене шынықтыру нормативтерін тапсырудан босатылды. Ер үміткерлер 100 және 1000 метрге жүгіру, сондай-ақ кермеде тартылу бойынша сынақ тапсырса, қыздар 100 және 1000 метрге жүгіріп, бір минут ішінде денені көтеру жаттығуын орындады, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің мамандандырылған және кәсіптік даярлық басқармасы.

Іріктеу жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру