Түркістан облысында полицейлер көлік ұрлаған ер адамды ұстады
Түркістан облысында полицейлер көлік ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде өзгенің көлігін ұрлап кеткен ер адамды ұстады.
Жергілікті тұрғындардың бірі үй маңында тұрған Mercedes-Benz көлігінің ұрланғаны туралы полиция бөліміне хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Анықталғандай, ұсталған Шымкент қаласының тұрғыны мас күйінде өзгенің көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Қазіргі уақытта мегаполис тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.