Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланның командалық құрамы жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

Жедел жиынның төртінші күні Ұлттық ұланның командалық құрамы «Қаптағай» біріккен оқу орталығында жауынгерлік даярлықтың тактикалық тәсілдерін пысықтады. Командирлер кешенді сабақтарға қатысты, онда олар әскери-инженерлік дайындық, күндізгі және түнгі ату жаттығуларын, сондай-ақ тактика мен операциялық өнер жөніндегі тапсырмаларды орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға қатысушылар сабақ барысында алған тәжірибелік әдістерді және әр пән бойынша игерген теориялық білімдерін пысықтап отырды. Сондай-ақ әртүрлі нормативтерді орындады. Сол арқылы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан жан-жақты дамып жатқанын, қызметке дайын екенін көрсете алды. Сондықтан іс-шара аясында өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары мен әскери бөлімдердің командирлеріне, сондай-ақ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне аталған және басқа да жауынгерлік көліктер мен қару-жарақтарды қолдану бойынша тәжірибе алуға мүмкіндік жасалды.

Осылайша, жиынның соңғы күні офицерлермен взводтық тірек пунктін жабдықтау тәртібі, траншеялардағы шабуылдау әрекеттері, жаралар мен жарақаттар кезінде көмек көрсету және мина-жарылыс тосқауылдарын орната отырып, мина алқаптарында өту жолдары бойынша кешенді тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ қолданбалы химия циклінде өнімдер көрсетілді. Содан кейін олар әртүрлі қару-жарақ үлгілерінен бөлімшелер (топтар) құрамында жауынгерлік атыс жасады.

Бес күндік жедел жиынға қатысушыларға брондалған техникамен күрес тәсілдері бойынша практикалық сабақ өткізілді.

– Мен мұндай жиындарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Әр жыл сайын өтетін жиында әртүрлі инновациялар болады, әр жолы біз алға қадам жасаймыз. Көптеген көрнекі сабақ өткізіледі, онда біздің білім көкжиегіміз жетілдіріледі. Қызметте мұндай қажеттілік бар, қазір біздің бейбіт уақытта да кез келген жағдай болуы мүмкін. Онда біз құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери бөлімдерінің командирлері ретінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының міндеттерін орындауға дайын болуымыз керек.

Қазір Ұлттық ұланның Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты басқа да күш құрылымдарымен тығыз өзара іс-қимылы жүріп жатыр. Біз басқа полигондарда өткізілген практикалық сабақтар мен атыстаға қатыстық. МКҚ-ның штаттық қару-жарағынан ату бойынша практикалық жаттығулар орындадық. Жаңа техника мен қару-жарақты меңгеруді үйрендік. Түнгі атыс жүргізілді. Бұл жолы біз алғаш рет орманда тұрдық – шатырларда түнедік. Жер бедерін, бағдарларды, техника мен қару-жарақты жасыру тәртібін зерттедік. Жаудың еліктеген шабуылына тойтарыс бердік. Өйткені, ол шабуылды күндіз де, түнде де жасай алады. Біз бұған әрқашан дайын болуымыз керек, – деді жиыннан алған әсерімен бөліскен 6637 әскери бөлімінің командирі Досан Құркенов.

Жиын соңында үздік нәтиже көрсеткен командирлер анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру