Шымкент тұрғындары ұландық сарбаздарға алғыс білдірді
Өткен демалыс күндері ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің патрульдік-бекеттік қызметі қырағылық үлгісін көрсетті – жоғалған баланы тауып, үш телефонды иелеріне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлық жағдай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында болған. Сағат 19:40 шамасында азаматша өзінің сіңілісін табу туралы өтінішпен Ұлттық ұланның әскери жасағына жүгінді. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Бекзат Советхан мен патрульшілер Аслан Нұрлан мен Хусе Насыров бірден жоғалған қызды іздей бастады. Біраз уақыттан кейін ұландықтар бағдарға сәйкес келетін қызды байқады. Әскери жасақ баланың жоғалып кеткеніне көз жеткізіп, оны әпкесіне қайтарып берді.
Біраз уақыттан кейін осы ауданда бірден үш қала тұрғыны жоғалған телефонын табу үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына жүгінді. Іздестіру іс-шаралары барысында барлық азаматқа жоғалған мүліктері қайтарылды.
Барлық жағдайда азаматтар Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін алғыстарын білдірді.