Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері кезекті сенбілік өткізді

Қызылорда облысының полицейлері кезекті сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz 

Елімізде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қолдауымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталған болатын.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – адал еңбек – адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Қызылорда облысында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары облыстық жергілікті полиция басқармасы, қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде де ұйымдастырылды. Полиция бөлімдерінің ғимараттары мен аулаларын қоқыстан тазалау, ғимараттардың алдыңғы темір шарбақтарын сырлау, ішкі қабырғалардың ластанған жерлерін ақтау жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – табалдырықтан басталады демекші, тәртіп сақшылары бір кісідей атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимараттар аумағы көркейіп, әсемдене түсті.

Осылайша әрбір полицей өңіріміздің тазалығына өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Айта кетерлігі мұндай сенбіліктерге барлық полиция бөліністерінің қызметкерлері қатысып, үлестерін қосып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру