ШҚО-да абаттандыру ережелерін бұзған тұрғын айыппұл арқалады
ШҚО-да абаттандыру ережелерін бұзған тұрғын айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұрғынды әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықтады. Облыс орталығындағы Виноградов көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары күн сайын көп мөлшерде қоқыс төгіп, тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерді толтырып кететін ГАЗель көлігін байқаған.
Тәртіп сақшылары жүргізушіні анықтады. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалар мен елді мекендердің аумақтарында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін төрт мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1200-ге жуық адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 90 табиғи үйінді анықталып, жойылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қорғауға шақырады.