Түркістан облысының тұрғыны алаяқты ұстағаны үшін полицияға алғысын айтты
Түркістан облысының тұрғыны алаяқты ұстағаны үшін полицияға алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданы полиция аға лейтенанты Айдар Құрманжанға жергілікті тұрғын әйел ақшалай қаражатын қайтаруға көмектескені үшін шынайы алғысын білдірді.
Бірнеше күн бұрын әйел полиция бөліміне Instagram желісі арқылы қабылдау актісін жасап беремін деген алаяқтың сөзіне алданып, жұмсалған ақшаны қайтаруға көмек сұрады. Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция ізін суытпай күдікті ретінде 27 жастағы ер азаматты анықтады.
Осы арызды тексеру барысында қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатын қайтаруға көмегін көрсеткен Айдар Амануллаұлына аудан тұрғыны риясыз алғысын жаудырды.