Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 14 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар облысында 14 жүргізуші жылдамдық режимін асырғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында 188 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды. Оның ішінде 15-і көлігін заңсыз жабдықтаған, сегіз жүргізушіде міндетті сақтандыру болмады, 27-сі мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, 47-сі көлік құралын жүргізу кезінде телефонды пайдаланды, 74-і маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, 14-і жылдамдық режимін бұзған. Бұзушылықтар үшін арнайы тұраққа он автобус қойылды.

– Мысалы Кибер Шериф Назарбаев – Ладожская көшесінде 13 км жылдамдықтан асқан Yutong автобусын тіркеді, жүргізушіге айыппұл салынды. Павлодарда жүргізуші Volkswagen жолаушы автокөлігін жүргізу кезінде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жоқ. Ақсуда Mercedes-Benz Sprinter көлігін заңсыз жабдықтап, жүргізген. Әрбір факті бойынша құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.

Естеріңізге сала кетейік, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты желіде бақылауды жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 23-28 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру