Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам жаңа танысының телефонын ұрлап кеткен

Астанада ер адам жаңа танысының телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасына елорданың 28 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Жәбірленуші қыз өзінің танысының досымен танысқанын айтқан. Олар жаңа таныстықты атап өту үшін қонақүйге барып, сол жерде ішімдік ішкен. Кейін ішімдіктің әсерінен қыз ұйықтап қалған, ал оянған кезде ол жаңа танысы құны 200 мың теңге тұратын Honor телефонының жоғалып кеткенін анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтады, ол мойындау көрсетпелерін берді. Полиция заттай дәлелдемені тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді және бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру