Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу өңірінде нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті

Жетісу өңірінде нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын” іске асыру шеңберінде Жетісу облысы ПД сірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы гарнизонының әскери полиция бөлімімен және облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігерінің қатысуымен Талдықорған қаласының авиациялық базасының әскери бөлімінде құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шара әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың алдын алуға, есірткінің заңсыз айналымына тиімді қарсы тұруға және нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күресте өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

– Бүгінгі таңда әрбір адам интернетке еркін қол жеткізе алады. Синтетикалық есірткінің белсенді таралуы жағдайында жастар есірткіні тұтынушы мен оны таратушы қатарында оңай бола алады. Басты мәселенің бірі – қазіргі жастар “синтетиканы” өз өмірі мен денсаулығына қауіп ретінде қабылдамайды. Алайда есірткінің мұндай түрлері бірінші қолданудан бастап тұрақты тәуелділікті тудырады және денсаулыққа зиян келтіреді, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова.

Кездесу барысында әскери қызметкерлерге синтетикалық есірткіні қолданудың салдары және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Нашақорлықтың алдын алуға және жастарды заңсыз әрекеттерге тартудан қорғау шараларына ерекше назар аударылды.

Аталған кездесуге есірткінің зияны және олардың таралуына жол бермеу шаралары туралы құнды ақпарат алған 120 әскери қызметкер қатысты.

Жетісу облысының полициясы азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін осы бағытта белсенді жұмысты жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру