Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да абаттандыру ережелерін бұзған 4700-ге жуық тәртіп бұзушы анықталды

ШҚО-да қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзған 4700-ге жуық тәртіп бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүкіл елімізде “Таза Қазақстан” акциясы өтіп жатыр. Еліміздің әрбір тұрғыны болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны аялап, табиғатты сақтауы керек.

Бұл жерде қылмысқа “мүлдем төзбеушілік” қағидасы да маңызды.

Осылайша, рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары 100-ден астам құрылыс және тұрмыстық қоқыс үйінділері анықтап, жойды.

Сонымен қатар қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4700-ге жуық тәртіп бұзушы, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 1400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, белгіленбеген жерлерде абаттандыру және қоқыс шығару ережелерін бұзуға жол бермеу туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Полиция департаменті қоқыстарды рұқсатсыз тастау немесе заңсыз сақтау жағдайларын көрген жағдайда “102” арнасына хабарласуын сұрайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру