Павлодар облысында көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 907 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Павлодар полицейлері бір тәулікте 10-ға жуық мас жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер демалыста мас күйінде көлікті жүргізуге әлі де отырады, ал көптеген жағдайларда салонда әрдайым жас балалар мен жақындары болады.
Осылайша жүргізуші өзінің ғана емес, туыстарының да, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
– Мысалы Баянауыл ауданында жүргізуші орташа мас күйінде автокөлікті жүргізген, бұл ретте салонда екі бала және екі ересек жолаушы болған. Жүргізушінің жағдайын біле отырып, оны ешкім тоқтатпаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушінің тәртібі сотта қаралды, онда сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сот әйел жүргізушінің асырауындағы кәмелетке толмағанын назарға алды, осыған байланысты қамауға алынбады, – деді Павлодар облысы Баянауыл ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нығметолла Қаббасов.
Басқа жағдайда Mazda маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде Жасыбай демалыс аймағынан аудан орталығына қарай аттанды. Салонда оның жас ұлы болды. Медициналық куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті, бұл ретте оның жүргізуші куәлігі болмаған.
Жүргізуші жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Материал сотта қаралды, сот шешімімен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Полиция жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қаупін еске салады.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысында көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 907 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.