Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл БҚО полициясы есірткіге қарсы 461 профилактикалық іс-шара өткізді

Биыл БҚО полициясы есірткіге қарсы 461 профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың жеті айында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 162 есірткі құқық бұзушылық, оның ішінде 54 қылмыс және 108 қылмыстық теріс қылықты анықтады.

Анықталған 54 есірткі қылмысының 26 фактісі есірткі заттарын заңсыз өткізу, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың үш фактісі, есірткі контрабандасының 18 фактісі, ұйымдасқан қылмыстық топты құрудың және оған басшылық етудің екі фактісі, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің үш фактісі, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз жарнамалаудың екі фактісі анықталды.

БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кең ауқымды шара барысында заңсыз айналымнан 31 келі 424 грамм есірткі затын тәркіледі. Полиция қызметкерлері басқа да денсаулық сақтау, білім басқармасы, волонтерлармен және өзге де ұйымдармен бірлесе өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған есірткіге қарсы 461 профилактикалық іс-шара өткізіп, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Оның ішінде қала мектептері мен колледж оқушыларына 198 дәріс, «Есірткінің зияны туралы» тақырыбында 58 акция, 42 спорттық іс-шара өткізілді.

Батыс Қазақстан облысының аумағында есірткінің алдын алу бағытында 35 баннер және LED экрандарға ақпарат жарияланды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, денсаулық сақтау, есірткі диспансерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында 255 рейдтік іс-шара өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру