Түркістан облыстық ПД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті
Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Түркістан облысы ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы М.Асқаров пен Түркістан облысы ІІО ардагерлері кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев қатысты.
Жиында полиция қызметкерлері қызметтік тәртіп пен заңдылықты бұзу жайттарына жол бермеу мәселесі көтерілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша баяндама тыңдалды. Сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша кеңес берілді.
Сонымен қатар Түркістан облысы ПД ӨҚБ-мен арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.