Павлодарда мыңнан астам тұрғын үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған
Павлодарда мыңнан астам тұрғын үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер тұрақты негізде аулаларды аралап, азаматтарға төрт аяқты үй жануарларын ұстау ережелерін түсіндіреді. Бірақ жануарлардың иелерінің кейбіреуі ережелерді сақтамайды.
– Мысалы, Павлодар полициясына қала тұрғыны қоңырау шалды. Ол Бұқар Жырау көшесіндегі үйінің ауласында ер адам үлкен тұқымды итті қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуендетіп жүргенін айтты. Осы шақыруға келген полиция қызметкерлері ит иесін анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иесі айыппұл төлейді, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерлері.
Айта кету керек, осы жылы облыста осындай бұзушылықтар үшін 1260 жануардың иелері жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары иттерді ойын алаңдарында, мектепке дейінгі және мектеп аумақтарында, бақтарда, стадиондарда және басқа да қоғамдық орындарда серуендеуге тыйым салынады деп ескертеді. Сонымен қатар серуендеудегі ит қарғыбауда болуы керек, тұмылдырық кигізілуі, ал адамдар көп жиналатын жерлерде итті қысқа қарғыбауда ұстау керек.