Биыл көліктегі ПД түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 53 мыңнан астам тұлғаны анықтады
Биыл көліктегі ПД түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 53 мыңнан астам тұлғаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 53 654 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 5532, алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін – 4268, қоғамдық орындарда тиіскені үшін – 2446, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін – 1714, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін – 1570, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 451 тұлға анықталды.
Мәселен, Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жүк тиеуші қызметін ұсынатын 32 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Құқық бұзушы масаң күйінде болып вокзалдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтқан.
Аталған факті бойынша ер адамға қатысты алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, материал қарау үшін сотқа жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл азамат бір жыл ішінде дәл осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Енді құқық бұзушы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеп, он бес тәуліктен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.