Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер жазаланды
Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарсы жолаққа шығу – жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін өрескел бұзушылықтардың бірі. Көбінесе жүргізушілер басып озып, екі ұзын жолақты немесе мұндай маневр жасауға тыйым салатын белгіні байқамай, қарсы жолаққа шығады.
– Мысалы, Павлодар көшелерінің бірінде полицейлер Daewoo Nexia көлігін тоқтатты. Себебі ол қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігіне өтіп, жол ережесін бұзды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысының полициясы.
Айта кету керек, жыл басынан бастап қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 76 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.