Астанада полиция өзгенің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады
Астанада полиция өзгенің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, оған көшеде жас жігіт жақындап, қоңырау шалуға телефонын сұраған. Гаджетті алғаннан кейін ол шетке кеткен. Ер адамның назарын аударғанын пайдаланып, телефонды алып қашқан, осылайша 120 мың теңге материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы жігітті анықтады. Ол телефонды сатып, ақшаны өзінің қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстығының бар-жоғы тексеріліп жатыр.