Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицей жолда қалған зейнеткерге көмектесті

Павлодар облысында полицей жолда қалған зейнеткерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаментіне Ертіс ауданы Қызылжар ауылының 71 жастағы тұрғыны Балғабай Есжановтан полицейге алғыс хат келіп түсті.

Зейнеткер аудан орталығына аккумуляторды ауыстыруға келген, бірақ дүкенге жетпей Балғабай Есжановтың автокөлігі тоқтап, жүрмей қалды. Осы уақытта полиция қызметкері Қайрат Смағұлов тәуліктік кезекшіліктен кейін үйіне бара жатқан. Зейнеткердің тоқтап қалуының себебін сұрап, Қайрат өз көлігінен аккумуляторды шешіп алып, қарт зейнеткердің көлігін жүргізіп берді.

– Мен бір сағатқа жуық тұрдым, бірақ ешкім тоқтап, маған көмектеспеді. Жас полицейге бей-жай қарамағаны үшін көп рақмет, ол жанымнан өтіп кетпей, көлігімді жүргізіп берді. Мен жас полицейге қызметте табыс пен зор денсаулық тілеймін, – деп тіледі зейнеткер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру