СҚО-дағы тергеу изоляторында ашық есік күні өтті
СҚО-дағы тергеу изоляторында ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау, құқықтық тәртіпті ынталандыру, сотталғандармен тәрбие жұмысында туыстары мен мекеме әкімшілігінің күш-жігерін біріктіру, тәрбие жұмысын жетілдіру, мекеменің қызметі туралы объективті ақпаратты қоғамға жеткізу мақсатында, сондай-ақ ҚР Конституциясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №66 мекемесінде ашық есік күні өткізілді.
Бұл күні мекемеге шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған 7 сотталған өздерінің 17 туысымен қауыша алды. Олардың кейбіреулері Қазақстанның басқа аймақтарынан келді және бірнеше ай бойы туыстарын көрмеді.
Алғашқы сөз СТжӘПЖБ жасақ бастығы Еркебұлан Құрбаниязовқа берілді. Сотталғандардың туыстары бір-бірін көруге, сөйлесуге, сондай-ақ жақындарының қауіпсіздігіне жеке көз жеткізуге мүмкіндік бергені үшін мекеме басшылығымен әкімшілік қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Кездесу барысында мекеменің асханасында шай кеші өткізілді. Ол үшін түрлі тағамдар дайындалды.
– Бүгін маған жұбайым және ұлым келді. Мен нәрестені бірінші рет көріп тұрмын, ол жақында дүниеге келді. Жұбайымнан әке болғанымды естіген күнім әлі есімде, шексіз қуанышты болдым. Енді түзу жолға түсіп, мекемеден босатылып, отбасыммен тезірек қайта қосылуға одан да көп ынталандым, – деді сотталғандардың бірі.