Павлодар облысының тұрғыны телефонын тауып берген полицейге алғысын білдірді
Павлодар облысының тұрғыны телефонын тауып берген полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқаратын қызметкерлердің жұмысының көрсеткіштері.
Облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Склярдың атына облыс орталығының тұрғынынан @dp_pavlodar директіне кезекті алғыс түсті. Қала тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел жұмысы үшін, атап айтқанда борттық нөмірі 633 автопатрульге алғысын білдіреді.
– Бүгін мынадай оқиға болды, мен салонда болмаған кезде телефонымды көліктен ұрлап кетті. Біз полиция шақырдық, ал біздің полиция 5 минут ішінде келіп, қоңырауға тез жауап берді. Не болғанын біліп, жүз шаршы метрден ұрлаған адамды тапты. Осындай жедел, жақсы жұмыс үшін біздің адал полицияға алғыс айтқым келеді. Бұл біздің полиция қызметкерлерінің халықтың игілігі үшін адал және жылдам жұмыс істейтінін көрсетеді, – деп жазады қала тұрғыны.