Қарағанды полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады
Қарағандыда полиция қызметкерлері ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта сол ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің дәлізіне кіріп, ол жерден құны 65 мың теңге болатын велосипедті ұрлап кеткен.
Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.