Астана тұрғыны құрбысының үйіне қонаққа барып, телефон ұрлаған
Астана тұрғыны құрбысының ұлының телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас жігіт iPhone 13 телефонын ұрлаған анасының құрбысына қатысты шара қолдану туралы полицияға арызданды.
Оның айтуынша, анасының құрбысы үйлеріне қонаққа келген. Бірге ішімдік ішкен әйел құрбысының үйіне қонуға қалған. Ал таңертең күдікті әйел телефонды алып, кетіп қалған. Байланысты үзген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 40 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол телефонды электроника қабылдайтын бутикке өткізгенін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана полициясы құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.