Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушының бұйымын қайтарудан бас тартқан астаналық такси жүргізушісі ұсталды

Астанада такси жүргізушісі жолаушының ұмыт қалдырған фотоаппаратын қайтармағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 жастағы астаналықтың бұл жолғы таксимен жүруі ұзақ уақыт есінде қалады. Себебі әдеттегідей қала таксиінің қызметін қолданаған елорда тұрғыны қымбат фотоаппаратын жоғалтқан.

Тергеушілер жас қыздың фотоаппаратты такси салонында ұмытқанын анықтады.

Фотоаппаратын қалдырып кеткенін сәлден соң байқаған қыз, такси жүргізушісіне қоңырау шалған. Алайда жас жігіт жауаптан қашып, жәбірленушіге тиесілі затты қайтарғысы келмеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол өзгенің Саnon фотоаппартын иемденген. Келтірілген шығын мөлшері 700 мың теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды мұқият болу қажеттігін ескертеді. Егер сізге қатысты заңсыз әркеттер жасалса дереу полицияға 102 арнасына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру