Астана полицейлері ұрланған телефонды иесіне қайтарды
Елорда полициясы кафеде болған ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 41 жастағы елорда тұрғыны ұялы телефонын ұрлады деген арызбен жүгінді.
Қылмыс түнгі уақытта елорда кафелерінің бірінде болған. Тергеушілер жас әйелдің үстел үстінде ұялы телефонын қалдырып, билеуге кеткенін анықтады. Осы сәтті пайдалаған ер адам Samsung S20 телефонын ұралап, 300 мың теңге көлеменіде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 36 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады. Күдікті бағдарлаудың көмегімен табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды мұқият болуларын сұрайды, құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.