Елордада полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтарын ұстады
Елордада полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде болған шетел азаматтарын ұстады.
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері автокөлік ұрлағандары үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын қолға түсірді. Ол 2023 жылы Турсунзаде қаласының Дахбед ауылында масаң күйде есігі жабылмаған Daewoo Tico отырып, ізін суытпақшы болған. Алайда, тізгін ие бола алмай жол жиегіне соғылып, көлікке 6163 сомони мөлшерінде залал келтірген.
Сонымен қатар Есіл аудандық ПБ қызметкерлерімен, өз елінің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 2017 жылдан бастап іздеуде болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол жерлесіне пәтерін 7000 АҚШ долларына сатуға көмектесуге уәде берген. 5000 доллар алдын ала төлем алғаннан кейін ол ақшаны иемденіп, жоғалып кеткен.