Балалар қауіпсіздігі – полиция назарында
Павлодар облысының полициясы ата-аналар мен балаларды, жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 124 фактісі тіркелді, онда екі бала қаза тауып, 135-і жарақат алды. Оқу жылы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен орталық жағалауда, мектептер мен балалар алаңдарында балалардың жолдардағы қауіпсіздігі бойынша акция өткізеді, балаларға жадынамалар мен буклеттер таратылды.
– Жол жүру ережелерін білу және көшеде дұрыс бағдарлау жол жағдайында көп көмектеседі. Сондықтан біз ережелерді сақтауды үйренуіміз керек, жолдағы жағдайларды бағдарлауды үйренуіміз керек. Дағды бала кезінен қалыптасады. Көшеде көліктерді бақылауды үйреніңіз, жол жағдайларында қауіпті элементтерді көруді үйреніңіз, мұндай сабақтарды өткізу жол қозғалысының жас қатысушыларына жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері туралы қажетті білімді сіңіруге көмектеседі, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Фаруз Күсембеков.
Тәртіп сақшысы сонымен қатар жүргізушілерге жолда өте мұқият болу керектігін, қозғалыс үшін қауіпсіз жылдамдықты таңдап, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты азайту қажет екенін ескертті.