Қарағанды облысында колония қызметкерлері сотталғандардың туған-туыстарымен онлайн кездесу өткізді
Қарағанды облысында колония әкімшілігі сотталғандардың туған-туыстарының сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында колонияда сотталғандардың туыстарымен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша КАЖД-ға қарасты №36 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Е.Шайкенов өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы – сотталғандарды ұстау шарттары, жазалау мерзімдері, кездесулер мен хабарларламалар беру тәртібі, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру, жұмысқа орналастыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері болды. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері келіп түскен барлық сұраққа толық жауап берді.
Е.Шайкенов жазасын өтеушілердің толығымен жұмысқа орналастырылғанын, олардың туыстарына ақшалай қаражат жіберуге және талап-арыздарды өтеуге мүмкіндігі бар екендігін ерекше атап өтті. Сотталғандардың туыстарымен онлайн кездесу қазіргі таңда кең таралған тәжірбиеге айналды. Мұндай кездесулер көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді және де бұл басқа аймақтарда тұратын туыстар үшін қолайлы.