Ақмола облысының полицейлері есірткі таратушыны ұстады
Көкшетауда мефедронның 50-ден астам байламы бар есірткі сатушысы қылмыс орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілдеде Ақмола полицейлері психотроптық заттарды таратушыны ұстады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2024» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қылмыс орнында 46 жастағы есірткіні жасырып кету жолымен таратушы Бурабай ауданының тұрғынын ұстады.
Сыртқы тексеру барысында қаскүнем өз еркімен 50-ден астам ұнтақ консистенциясы бар орамды берді, зерттеу нәтижелері бойынша бұл есірткі мефедрон болып шықты.
Қала тұрғынының айтуы бойынша Көкшетаудағы белгілердің координаттарын дилерінен білген, кейіннен ол Щучинск қаласына ауыстырып салған.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.