Абай облысында полиция мен екінші деңгейлі банктер интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
Абай облысында полиция мен екінші деңгейлі банктер интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимовтың төрағалығымен Alikhan Bokeikhanov University базасында екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк филиалының басшыларын тарта отырып, ведомствоаралық семинар-кеңес өткізілді.
– Интернеттегі алаяқтар алдаудың барлық жаңа түрлерін ойлап табуда. Әсіресе жәбірленушілердің өздері ұсынған мәліметтердің көмегімен банк карталарынан ақша алу арқылы үлкен сомаға ұрындырып жатады. Осыған байланысты біз тәулік бойы алаяқтық схемаларға қарсы тұруға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды әзірлеуіміз қажет. Осы алаңды пайдалана отырып, осындай қылмыстарды ашу және тергеу мәселелерінде нақты шаралар қабылдауды келіскім келеді, – деп атап өтті Елдос Закимов.
Тамыз айының басында Ұлттық банк нақты уақыт режимінде алаяқтық транзакциялар туралы деректермен алмасу үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» АҚ платформасында тәулік бойы қызметін жүзеге асыратын алаяқтық транзакциялар туралы деректер алмасу орталығының (Антифрод-орталық) пилоттық режимде іске қосылғаны туралы хабарлады. Бұл орталық жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасап, тек қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді.
Жаңа платформаға қатысты іс-шара шеңберінде интернет-алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мен тергеудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, сондай-ақ алаяқтық схемалардың нақты мысалдары және киберқылмыстың пәрменді тосқауылын жасау жөнінде шаралар қабылдай отырып, ақпарат пен жеке деректерді қорғау талқыланды.
Спикерлер екінші деңгейлі банктер мен полицияның алдын алу мәселелерінде де, қылмыстарды ашу мәселелерінде де тиімді болуы мүмкін нақты бірлескен іс-қимылдарын айтты.
Қорытындылай келе, қатысушылар интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың және қаржы институттары мен құқық қорғау органдары арасындағы кооперацияның табысты кейстерін қарады, сондай-ақ осы бағыттағы тиімді күресті арттыру үшін тұрақты кездесулер мен тренингтер өткізу туралы шешім қабылданды.