Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздары алғысқа бөленді

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астанада өтіп жатқан ауқымды шара кезіндегі қызмет барысында қырағылық танытып, алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек күні ефрейтор Дінмұхаммед Сайлау өзінің серіктестері Азамат Қизатұлы және Дінмұхаммет Әбдіғамитпен бірге елорда көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шықты.

Сағат 20:20 кезінде оларға 10 жас шамасындағы бала келіп, көмек сұрайды. Оның айтуынша, мектептен шығып, басқа бағытқа қарай жүріп, адасып қалған. Әскери жасақ мүшелері бірлесе әрекет ету арқылы, бірден баланың ата-анасын іздеуге кірісті. Арада шамамен 15 минуттай уақыт өткенде оқушының анасын анықтап, баланы табыстады.

Ұлымен есен-сау қауышқан ана ІІМ Ұлттық ұланының сарбаздарына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру