Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұшақ экипажының талаптарына бағынбаған мас жолаушы жауапқа тартылды

Ұшақ экипажының талаптарына бағынбаған мас жолаушы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуе кемесі ұшып келгеннен кейін Ақтөбе қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе облысының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. 

Тексеру барысында ер адам ұшу кезінде мас күйде болып, экипаждың талаптарын орындамай бортсеріктерге балағат сөздер айтқаны анықталды. 

Құқық бұзушыға қатысты көлік полицейлері алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 8 АЕК (29 536 теңге) мөлшерінде айыппұл салына отырып әкімшілік материал толтырылды. 

Ұсақ бұзақылық бойынша материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Аталған бап бойынша құқық бұзушы он бес тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 64 727 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 4995, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 527, әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін – 62 адам. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру