Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің 44 дерегі анықталды

Жыл басынан бері Қостанай облыстық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің 44 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №76 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу бойынша қажетті тексеру жұмыстарын толық жүргізеді. Сотталғандарға әкелінген сәлемдемелерді мұқият тексеру барысында Б. есімді жазасын өтеушіге жолданған сәлемдеме мекеме қызметкерлерінің күдігін тудырды.

– Бұл сәлемдемені тексеру барысында тыйым салынған заттар, оның ішінде Tele2 және Актив SIM-карталарының, сондай-ақ аудио және бейне жазу функциялары бар G-1B смарт-сағат анықталды. Құрылғы спорттық аяқ киімнің табанына жасырылған. Тыйым салынған заттарды табу және алу бойынша барлық әрекеттер құжатталды. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін сотқа жіберілді, – деді мекеме қызметкері.

Сондай-ақ жыл басынан бері Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде телефон өткізудің 44 дерегінің алды алынды, сондай-ақ 20 мыңға жуық ақша тәркіленген.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 8 адам жауапкершілікке тартылды, бұл мекемелердегі құқық бұзушылықтарға қарсы күресте қызметкерлердің жұмысының маңыздылығы мен тиімділігін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру