Алматы облысы полициясы ұйымдастырған горнизондық таратуға еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты
Алматы облысы полициясы ұйымдастырған горнизондық таратуға еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы саптық таратуына бастамашы болып, “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шараның басталуына байланысты жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын тексерді.
Таратуда құқық қорғау органдарымен қатар Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ еріктілер мен полицияның қоғамдық көмекшілері қатысты, олардың иығына азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіптің сақталуы үшін жауапкершілік жүктеледі.
– Азаматтар өздерінің қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтары ішкі істер органдары қызметкерлерінің қорғауында екеніне сенімді болуы керек. Полиция қатарында қызмет ету – Қазақстан халқының сенімін ақтауға тиіс ерекше еңбек және құрмет екенін еске саламын. Азаматтарға әдепті және сыпайы қарым-қатынас жасаудың, сондай-ақ полицияның көмегі қажет болған барлық жағдайларда дер кезінде көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтемін. Барлық қызметкерлерден қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды талап етемін, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.