Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция 500-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ермек Усербаевтың басшылығымен Сарыағаш және Келес аудандарының аумағында жедел-профилактикалық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Неізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

Тәртіп сақшылары рейд нәтижесі бойынша екі тәулікте 486 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық – 18, тыныштықты бұзу – 2, қоғамдық орындарда тиісу – 12, абаттандыру ережелерін бұзу – 9 және 11 ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу дерегі тіркелді.

Жол қауіпсіздігі желісі бойынша полицейлер сақтандыру полисі жоқ 15 жүргізушіні, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған – 51, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 22, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 55 құқық бұзушыны және автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 6 жүргізушіні жауапқа тартты.

Мәселен, елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен Daewoo автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның жүргізуші куәлігінен айырылғаны және мас күйінде басқарғаны анықталды. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдай анықталып жатыр.

Бұдан бөлек, 66 жаяу жүргіншіге қатысты белгіленбеген орындарда жүріс бөлігін кесіп өткені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Айыптұраққа 60-тан астам көлік қойылды.

Тұрғылықты жері бойынша рейд барысында 163 қару иесі мен профилактикалық есепте тұрған 90-нан астам адам тексерілді.

Полицейлер атап өткендей, мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру