Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер түнгі рейд өткізді

Түркістан облысының полицейлері республикалық маңызы бар тасжолдарда түнгі рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғалары көбінесе қас қарайған уақытта болады. Бұл уақытта жолдың анық көрінуі төмендейді, жүргізушілер шаршап, соның салдарынан болатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыс полицейлері түнгі рейд өткізді. 

Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау үшін республикалық маңызы бар тас жолдарда, Түлкібас, Сауран шеп бекеттерінде қызмет атқарып, жолда жүрген жүргізушілердің ұйықтап кету фактілерін болдырмау, ұйқысын ашу мақсатында кофе таратты. Жол үстінде кетіп бара жатқан алысқа қатынайтын ауыр жүк көліктері, жолаушы тасымалдаушы автобустар, жеңіл көліктерді тізгіндеуші әрбір тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру