Павлодар полицейлері көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтап жатыр
Павлодар полицейлері көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері үнемі рейдтер жүргізеді, оның барысында жол жүру ережелерін бұзған азаматтар, атап айтқанда көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған жүргізушілер анықталады. Рұқсат етілмеген жерде қалдырылған көлік басқа жол қозғалысына қатысушыларға да, жаяу жүргіншілерге де кедергі болады.
– Полицияға қала көшелерінің бірінде орналасқан банктің жанында Газель автокөлігі өткелді жауып тастағаны туралы қоңырау түсті. Осыған ұқсас факті Бөкейхан көшесі, 149 мекенжайында да тіркелді, онда жеңіл көлік басқа көлік жүргізушілерінің қозғалысына кедергі келтірген. Тәртіп сақшылары көлік құралының иелерін анықтады, сондай-ақ оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, мұндай бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Енді құқық бұзушылар айыппұл төлеуі керек, – деді Павлодар облысы ПД.
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2024 жылы көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін өңірдің 1821 тұрғыны жауапқа тартылған.