Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері әлеуметтік желілер арқылы жол жүру ережелерін бұзушыларды анықтайды

Павлодар полицейлері әлеуметтік желілер арқылы жол жүру ережелерін қасақана бұзушыларды тұрақты негізде анықтайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері күн сайын әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.

Мәселен, мониторинг барысында Павлодар қаласындағы Н. Назарбаев көшесі бойында жүргізуші анықталды. Ол көлік құралын жүргізген кезде жол жүру ережелерін қасақана бұзған. Жүргізушіге қатысты маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды.

– Тағы бір факт Катаев көшесінде анықталды, онда жүргізушіге қатысты апатты жағдай туғызған жол қозғалысын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Барлық құқық бұзушыларға профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді Павлодар облысы ПД.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қауіпсіздігі ең алдымен әркімнің өзінің жауапкершілігі екенін ескертеді. Жол ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру