Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі  Ержан Саденовтің бұйрығымен полиция полковнигі  Серік Тоқтарқанұлы Манапов ШҚО полиция департаменті бастығының кадрлық жұмыс бағыты бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды.

Оны жеке құраммен облыстық департаменттің бастығы Ерлан Омарбеков таныстырды.

Серік Манапов Ұлан ауданында туған. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. ҚР МТК Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірген. Ол қызметтік жолын тергеуші болып бастап, содан кейін тергеу бөлімшелеріне ауысқан. ҚР ІІМ Өскемен әскери тергеу басқармасының бастығы, ШҚО ПД тергеу басқармасының бастығы болған. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Күршім АПБ және Шемонаиха АПБ бастығы қызметтерін атқарған.

Әріптестерін жеке құраммен таныстырған өңірдің бас полицейі кадрлық және тәрбие жұмысы, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру