Абай облысында психологтар есептегі сотталғандармен үздіксіз жұмыс жасайды
Абай облысының пробация қызметіндегі психологтар есепте тұрған сотталғандармен үздіксіз жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының пробация қызметінде ұрлық, тонау, алаяқтық, мал ұрлығы үшін сотталғандар есепке алынады, оның ішінде бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған сотталғандар да бар.
– Өткен жылы әйелім мен кәмелетке толмаған екі балам мені тастап кетті, мен ішімдік іше бастадым, содан кейін ұрлық жасадым, сол үшін сот үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына тағайындады. Тіркеу кезінде психолог үнемі жұмыс жүргізді, бұл менімен және менің жақындарыммен әңгімелесу, тренингтер, психологиялық тесттер, нәтижесінде мен өзімді жөндедім, жұмыс таптым, ішімдік ішуді қойдым, отбасыммен қарым-қатынасымды жақсарттым, – деп сотталған бөлісті.
Пробация қызметінің психологі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға адамдарға психологиялық қолдау көрсету, көмек көрсету жөніндегі маңызды міндетті орындайды. Әр сотталғанмен жеке жұмыс жүргізіледі ол жеке әңгімелесу, психологиялық тесттер, треннигтар және т.б.
Қазіргі уақытта Семей қаласының пробация қызметінде 800-ге жуық сотталған есепте тұр, оның ішінде 70 сотталған – тәуекел тобында.