Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы әкімшілік аумақтарда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті

Қала полицейлері Алматыдағы әкімшілік аумақтарда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында мәселелерді зерделеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік округ тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

– Біз жүргізетін пәтерлерді және үйлерді тексеру бірінші кезекте қылмыстық ахуалды жақсартуға, заңсыз әрекеттермен айналысатын адамдарды, күдікті азаматтарды анықтауға, пәтерлер мен үйлерді заңсыз жалға беру деректерін анықтауға бағытталған. Саяжайлар, тұрмысы нашар отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын орындар, азаматтық қару иелері мен шетелдіктер қоғамға жат әрекеттер мен қараусыз қалдыру жағдайларын болдырмау үшін тексерілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция қызметкерлеріне азаматтармен тығыз, сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және құқық бұзушылықтың алдын алу міндеті жүктелген. Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын полицияға барынша көмек көрсетуге және қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру